Әншінің блогында алғаш рет үйлену тойынан суреттер жарияланды. Әли бұл фотоларды көпшілікке көрсету бастапқыда жоспарланбағанын, бірақ сол күнгі қуаныштарын бөлісуді жөн көргенін айтты.
Өнер иесі мен жары отбасылық өмірде бақытты екендерін жасырмайды. Бірге өткізген 5 жыл олар үшін көзді ашып-жұмғандай өтіп кеткен.
«Бұл суреттерді ешкім көрмеуі тиіс еді. Бірақ бәрі өзгереді екен. Кеше ғана болғандай, алайда бір өткен өмірдің елесіндей сезіледі. 5 жыл бір сәттей өтті. Бір сәт екеуімізге. 21.09.2020»,
– деп жазды Әли.
Желі қолданушылары мен әріптестері ерлі-зайыптыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Бақытты болыңыздар! 45 жылдан кейін еске алып отырайық!», «Сурет түсіруден талғамдарың мықты екен, аппақ, ерекше, әдемі», «Керемет жұп, бақытты күндерің көп болсын», «Өте тамаша жұп, сондай сүйкімді өздері», – деп жазды Әли мен Ақеркенің оқырмандары.
Фото: Instagram