Әке мен бала Алматы көшелерінде серуендеп жүріп, жас Роза Рымбаеваның қара-ақ түсті суреті салынған билбордтың алдында естелікке фотоға түсті. Басқа кадрларда Әли мен Зейін төсекте бірге жатып, бір-біріне күлімдеп қараған сәттері түсірілген.
«Алматы»,
деп қысқа ғана жазды Әли.
Желі қолданушылары жылы пікірлерін қалдырды.
«Не деген бақыт, не деген арман!», «Легенданың немересіне бақытты балалық шақ тілейміз!», «Өсіп қалыпты ғой, кішкентай Әли. Үлкен азамат болсын!», «Апасынан айнымайды балапан», «Әкесінің көшірмесі», «Зейін атасы Тасқынға ұқсайды , тіл көзден аман болсын», — деген пікірлер жазылды.
Фото: Instagram