«Енесінен аумайды»: Аяғы ауыр Жұлдыз Өмірғали әдемі суреттерімен бөлісті

Қазақстандық актриса, әнші Жұлдыз Өмірғали жүктілік кезіндегі суретін жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 28 августа 2025, 11:54
Жұлдыз Өмірғали
Instagram: @zhuldyzomirgali_official

Жұлдыз әлеуметтік желіге салтанатты шарада түскен суреттерін жүктеді. Кадрларда ол нәзік көйлек киіп, дөңгеленген ішімен бой көрсетті. Шашын жинап, жарқын бет бояуының орнына көзге ерекше мән берілген жеңіл әрлеуді таңдаған.

Суреттерді көрген Айқын сүйіктісіне: «Ең көріктім менің», – деп пікір қалдырды.

Желі қолданушылары да Жұлдызға жылы лебіздерін аямады.

«Жұлдыз алтыным, сен бақытты болуға лайықсың!», «Қандай керемет! Сізге жүктілік сондай жарасады», «Енесінен аумайды екен», «Әртістер биыл шетінен ана болып жатыр», «Сұлу», – деп жазды Жұлдыздың оқырмандары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше