Жұлдыз әлеуметтік желіге салтанатты шарада түскен суреттерін жүктеді. Кадрларда ол нәзік көйлек киіп, дөңгеленген ішімен бой көрсетті. Шашын жинап, жарқын бет бояуының орнына көзге ерекше мән берілген жеңіл әрлеуді таңдаған.
Суреттерді көрген Айқын сүйіктісіне: «Ең көріктім менің», – деп пікір қалдырды.
Желі қолданушылары да Жұлдызға жылы лебіздерін аямады.
«Жұлдыз алтыным, сен бақытты болуға лайықсың!», «Қандай керемет! Сізге жүктілік сондай жарасады», «Енесінен аумайды екен», «Әртістер биыл шетінен ана болып жатыр», «Сұлу», – деп жазды Жұлдыздың оқырмандары.
Фото: Instagram