Әнші Ерке Есмахан мен RaiM үш ұл тәрбиелеп отыр: Еркенің алғашқы некесінен туған үлкен ұлы Муслим және ортақ балалары — Ислам мен Батыр. Ең кіші ұл биылғы жаздың басында дүниеге келген болатын.
Бұған дейін олар отбасылық суреттерінде Исламның жүзін жасырып келген еді. Алайда Еркенің Instagram парақшасында жарияланған соңғы фотосуреттерінде баланың жүзін анық көруге болады.
«Алдарыңызда Райымбектің отбасы. Күйеуімнің жаңа бейнебаянын қарап, әнін тыңдаған боларсыздар. Ұлдарымыздың жарық жүздерін көріп, бізге тілек жазып, жанұямызға жылы сөздерін жаудырып жатқан сіздерге шексіз алғыс айтамыз»,
деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, пікір қалдырды. Олар Исламның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.
«Әкесінің көшірмесі», «Бақытты болыңыздар», «Мұрны Еркеге тартқан, қалғанының бәрі — әкесі», «Ерке, ренжіме, бірақ Ислам 100% әкесіне ұқсайды», — деп жазды желідегілер.
Фото: Instagram