«Фигурамды ойласам, бала тумас едім»: Ерке Есмахан сырт бейнесін сынағандарға жауап берді

Үшінші сәбиін дүниеге алып келген Ерке Есмахан сахнаға шығып, сынға қалды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 27 августа 2025, 13:03
Ерке Есмахан
Instagram: @erke_esmahan

Әншінің артық салмағын тыңдармандары сөз етті.

«Кішкентай ғана Батырым, анасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам, қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар. Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім – сөз»,

деп жазды Ерке.

Ерке декреттік демалыста көп отырмайтынын айтып, жақында концертке қатысатынын жариялаған еді.

«Үш баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығып жатырмын. Дженнифер Лопес те көзді қыздырып жатыр. Тездетіп концерттерін аяқтап, еліне қайтса екен. Фигураны ойламай, тыныш отырып, ет жегім кеп тұр»,

деп жазған еді Есмахан.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше