Мерекенің қалай өткенін желіде Баян Алагөзованың өзі және жұлдызды әріптестері мен қонақтары көрсетті.
Той қазақ халық ертегілері стилінде ұйымдастырылып, кішкентай туған күн иелері мен олардың ата-аналары, сондай-ақ қонақтардың дресс-коды да осы тақырыпқа сай болды. Кешке келгендерді алып батырлар мен түрлі ертегі кейіпкерлері күтіп алды.
Салтанатта тілек ағашы қойылып, әсерлі көріністер мен қос алып ертегі әлеміндегідей торт ұсынылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің атынан өздері және ата-аналары туралы айтып берген арнайы бейнефильм көрсетілді.
Сахнада ән айтылып, би биленіп, мерекелік көңіл-күй қыза түсті. Қыздарға дәстүрлі «тұсау кесу» рәсімі жасалды: Айсәуле Бақытбек Алисаның, ал Аша Матай кішкентай Алманың тұсауын кесті.
Кеш барысында той йелері жомарт жандар екенін тағы бір дәлелдеп, бағалы сыйлықтар тарту етті.
Мерейтой иелерінің ата-аналары қыздарына арнап ән шырқады. Көңілді әуен қонақтарды қуантты. Жиналғандар отбасына бақыт, ал кішкентай Алма мен Алисаға ұзақ ғұмыр тіледі.
Фото: Instagram