Instagram: @bayanmaxatkyzy
Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұбайының қызы Айару Бақытбекке қымбат көлік сыйлады.
Айару өзінің жаңа көлігін Porsche автосалонында түсірілген бейнежазба арқылы көрсеткен.
@tursengali.a ♬ son original - Jbjumpingggg
Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаны қызу талқылап, Айарудың эмоциясына назар аударған. Көпшілік оның жүзінен қуаныш байқалмағанын атап өтті.
Желіде «Көлік емес, нан алып тұрғандай көрінеді», «Эмоциясы жоқ, бәрін көрген тоқ балалар ғой», «Баян балаларын жақсы тәрбиелеген екен», «Біз телефон алсақ та жылап аламыз», «Маған көлік сыйласаңыздар, эмоция көрсетіп берейін» деген секілді түрлі пікірлер жазылды.
Айта кету керек, осыған дейін Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін табыстаған болатын. Бұл жайлы сұрақтарға кәсіпкер Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында жауап берді.
«100 пәтер сыйлағаннан кейін келіп, сізді жай ғана құшақтасам бола ма деген адамдар көп болды. Біріншіден, мен мұндай резонанс болады деп күтпедім. Өйткені, маған Тайландтан, Дубайдан хабарласты. «Тұсын Алагөзов деген кім?» деп сұрап жатты. Ресейдің жаңалықтарынан көрсетті. Барлығы осыны талқылап жатқанда мен ота жасатқан болатынмын. Бас дәрігер келіп, қолымды алып, алғысын білдірді. Барлығы сол пәтерлерді оларға сыйлағандай қуанды»,
деді Алагөзов.
Фото: Instagram