Instagram: @bayanmaxatkyzy
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде кішкентай қыздары — Алиса мен Алманың фотосын жариялады. Жақында бірге толатын бүлдіршіндер киіз үйде отыр.
Алиса мен Алма киіз үйдің ішінде дәстүрлі оюлармен көмкерілген текемет үстінде отыр. Қолдарында ұлттық музыкалық аспаптар. Бұл көрініс желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
Баян Алагөзова суретке түсініктеме жазбай, тек құлпынай мен алма бейнеленген смайликтер мен қызыл жүрекшелер қалдырған. Ал желідегі оқырмандары бірден қыздардың кімге ұқсайтынын айтып жарысты.
«Мына қыздар қандай тәтті! Құшақтағым келіп отыр», «Қуыршақтар ғой! Неткен сүйкімді! Алиса — анасының көшірмесі, Алма — әкесінің!», «Баян мен Тұрсынның кішкентай нұсқалары сияқты», «Шынымен, бірі анасына, екіншісі әкесіне қатты ұқсайды», «Нағыз ханшайымдар» — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова отбасының қос қыздың туған күнін атап өтуге дайындалып жатқанын айтқан болатын. Алиса мен Алма өткен жылдың тамыз айында 15 күн айырмашылықпен дүниеге келген.
Фото: Instagram