RaiM Ақтөбедегі тыңдармандарымен бірге Еркенің әнін орындады

Қазақстандық әнші, үш баланың анасы Ерке Есмахан жұбайы, RaiM-ның романтикалық қылығына тәнті болды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 сентября 2025, 11:08
RaiM, Ерке
Instagram: @erke_esmahan

RaiM Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өткен RAKHMET FEST 2025 музыкалық фестивалінде өнер көрсетті. Ол сүйікті жары әрі балаларының анасын қуантуды мақсат етіп, оған арнап тосынсый дайындады.

«Күйеуім кеше, сенің туған жеріңе, Ақтөбеге бара жатырмын, стадионда сенің әніңді шырқатамын деп кеткен еді. Тіпті қатты мән бермедім мен. Енді бүгін соны көріп жылағым келіп отыр ғой. Махаббат деген осындай бола ма? Қараңыздаршы»,

– деп жазды Ерке.
RaiM Ақтөбедегі тыңдармандарымен бірге Еркенің әнін орындады
Instagram/stories: @erke_esmahan

Кадрларда фестивальге жиналған мыңдаған көрерменнің RaiM-мен бірге Ерке Есмаханның репертуарындағы «Қайда?» әнін шырқаған сәті көрсетілген. Олар қолдарына телефон ұстап, жарық жағып, ән әуеніне қосылып билеп тұрды.

Instagram/stories: @erke_esmahan

Айта кетейік, бұл ән Еркенің көп жылдар бойы хит болып келе жатқан туындысы. Ал оның бейнебаяны YouTube платформасында 176 миллионнан астам қаралым жинаған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше