Ерке күйеуінің бұл әрекетімен мақтанды. Ол жұбайының әкесін – өзінің қайын атасын қуантқанын атап өтті.
«Күйеуім Алматыдан Оралға жап-жаңа көлік алып келіп, бүгін әкемізге сыйға тартты. Игілікке мініңіз, әке! RaiM, Алла бұйырса ұлдарың саған да көлік мінгізетін күнге жетейік»,
– деп жазды Ерке.
Жарияланған суреттерде Райымбек әкесімен және кішкентай ұлымен жаңа ақ түсті көліктің жанында тұр. Ал басқа бір фотода Ислам есімді баласы әкесі мен атасының ортасында, көліктің ішінде отыр.
«Бір жағында – атасы, бір жағында – әкесі. Өзі ортасында әңгімелерін тыңдап отыр», –
деп бөлісті әнші.
Фото: Instagram