Aeka Posh жұбайының ата-анасына тосынсый жасады – 11 қыркүйекте блогер екінші рет ана атанды, алайда қайын атасы мен енесі бұл туралы білмеген.
«Екі күн перзентханада, жанталасқан толғақ, қасымда анам болды, қолдау көрсетті. Күйеуімнің ата-анасына ештеңе айтпадық, себебі оларды қуантып, тосынсый жасағымыз келді әрі уайымдамасын дедік. 11.09.2025 күні сәбиімізді дүниеге әкелдім, Аллаға шүкір. Бақытымызда шек жоқ», –
деп жазды ол.
Ата мен әженің немерелерін алғаш қолдарына алған сәті желі қолданушыларына ерекше әсер етті.
«Бауы берік болсын! Мен керісінше өз ата-анама айтпай перзентханаға барып босанып алатын едім», «Сәбидің бауы берік болсын! Ұрпақтарыңыз көп болсын!», «Қуаныштарыңызға ортақпыз», «Бір жағы жылап бір жағы визуализация жасап жатырмын», – деп пікір қалдырды блогердің оқырмандары.
Айта кетейік, Айымның алғашқы некесінен бір ұлы бар. Енді ол екі ұлдың анасы атанды.
Фото: Instagram