Блогер Aeka Posh екінші рет ана атанды

Айым Алтынбекова, көпшілікке Aeka Posh деген есімімен белгілі блогер екінші ұлын дүниеге алып келді. Бақытты ана күйеуінің ата-анасы көптен күткен немересін қалай қарсы алғанын көрсетті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 сентября 2025, 10:48
Aeka Posh
Instagram: @aeka.posh

Aeka Posh жұбайының ата-анасына тосынсый жасады – 11 қыркүйекте блогер екінші рет ана атанды, алайда қайын атасы мен енесі бұл туралы білмеген.

«Екі күн перзентханада, жанталасқан толғақ, қасымда анам болды, қолдау көрсетті. Күйеуімнің ата-анасына ештеңе айтпадық, себебі оларды қуантып, тосынсый жасағымыз келді әрі уайымдамасын дедік. 11.09.2025 күні сәбиімізді дүниеге әкелдім, Аллаға шүкір. Бақытымызда шек жоқ», –

деп жазды ол.

Ата мен әженің немерелерін алғаш қолдарына алған сәті желі қолданушыларына ерекше әсер етті.

«Бауы берік болсын! Мен керісінше өз ата-анама айтпай перзентханаға барып босанып алатын едім», «Сәбидің бауы берік болсын! Ұрпақтарыңыз көп болсын!», «Қуаныштарыңызға ортақпыз», «Бір жағы жылап бір жағы визуализация жасап жатырмын», – деп пікір қалдырды блогердің оқырмандары.

Айта кетейік, Айымның алғашқы некесінен бір ұлы бар. Енді ол екі ұлдың анасы атанды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше