Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева танымал әншіге сәнді көйлек сыйлады

Қазақстандық әнші Маржан Арапбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада өткен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның концертетіндегі сәттермен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 мая 2026, 11:43
Роза Рымбаева
Instagram: @rozarymbaeva

Маржан Арапбаева үшін қазақ эстрадасының аңызы Роза Рымбаевамен жүздесу – көптен бергі арманының орындалуы болды. Осы ерекше кездесу мен қос өнерпаздың сахнадағы дуэтіне орай Роза Рымбаева әншіге сахналық көйлек сыйға тартқан.

«Бүгін мен үшін ерекше бақытты күн! Ұлы Роза Рымбаевамен бір сахнада ән айту — менің орындалған арманым. Бұл сәт менің жүрегімде мәңгі сақталады. Сыйлаған сыйлығыңызды өзіңізден қалған естелік ретінде сақтаймын. Ал айтқан жылы сөздеріңіз мені алдағы уақытта шабыттандырып, қанаттандыратын болады!», –

деп жазды Арапбаева.

Өнер иесінің оқырмандары жазбаға ерекше ықыласпен пікір қалдырды:

«Сізге Роза Қуанышқызының жолын берсін!», «Тамаша концерт болды, әлі тамаша алған әсерден шыға алмай отырмын. Не деген дауыс, не деген орындау!», «Керемет теңеу берді Роза апайың. Еңбегіңіз елене берсін!».


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше