«Әлия мен Мәншүк есімді қыздарым бар»: Роза Рымбаева өзі жайлы қызықты ақпаратпен бөлісті

Роза Рымбаева Koremiz Show бағдарламасына берген сұхбатында көпшілік біле бермейтін өмірлік оқиғасымен бөлісті

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 27 марта 2026, 15:12
Роза Рымбаева
Instagram: @rozarymbaeva

Әнші сұхбат барысында өзінің туған ұлдарынан бөлек, Әлия мен Мәншүк есімді екі қызды тәрбиелеп отырғанын айтты. Оның айтуынша, тағдыр тәлкегіне түсіп, ата-анасынан айырылған бұл балалар кейін оның отбасына қосылған. Өнер иесі олардың бірін небәрі алты жасында қамқорлығына алғанын жеткізді.

«Бұл екі қыз менімен тұрады. Менің екі ұлым не жейді, не киеді – бәріміз бір отбасы боламыз деп бірден шешім қабылдап, екі қызды қолыма алдым. Мен өте бақытты болдым. Себебі, біріншіден, Тасқын да өмірден өтті. Жауапкершіліктің барлығы менің мойнымда қалды», –

деген өнер иесі олардың тәрбиесіне толық жауапкершілік алғанын жеткізді.

Роза Рымбаева екі қызды өз балаларынан бөліп-жармай, бір шаңырақ астында тең көріп өсіргенін атап өтті. Ол бұл шешімді саналы түрде қабылдап, барлық жауапкершілікті өз мойнына алғанын айтты.

«Мен өзімді олардың аманатын орындап жүргендей сезіндім. Бұл отбасы үшін жауаптымын деп шештім. Жеңіс ағамның алты қызының барлығы маған туғандай болды», –

деп бөлісті әнші.

Әншінің айтуынша, бұл қадам оның өміріне ерекше мән мен қуаныш сыйлаған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше