Әншімен сұхбат Динара Сатжанның YouTube арнасында жарияланды. Әңгіме барысында Мақпал Исабекова алғаш рет ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.
«Біз қазір сөйлеспейміз. Ресми түрде ажырасқанымызға бір жыл болды. Өткен жылдың ақпан айында сот бізді ажырастырды. Бұл жағдайға бір жағынан өкініш бар, бір жағынан жоқ. Негізі, өмірімдегі үлкен оқиғалардың бәрі 14 ақпанмен байланысты болып шықты. Алғашқы жүктілігім де, үйлену туралы ұсыныс та — бәрі дәл осы күні болды. Сол сияқты, 14 ақпанда мен сіздерге өзімді еркін әйел екенімді жарияладым. Әрбір махаббат хикаясы әдемі басталады ғой, ешкім тұрмыс құрғанда ажырасамын деп ойламайды», —
деді әнші.
Мақпал Исабекова не себепті күйеуінің жүзін көпшілікке көрсетпегенін де түсіндірді.
«Желіде жазылушыларым үнемі: “Неге күйеуіңіздің жүзін көрсетпейсіз?” деп сұрайтын. Ол адам жариялылықты қаламайды, бұл — оның құқығы. Мен оның бұл таңдауын құрметтеймін. Ол “Адамдар мені саусағымен көрсетіп: “Мынау Мақпал Исабекованың күйеуі ғой” дегенін қаламаймын” дейтін. Мүмкін, керісінше, “Бұл — Родионның әйелі” деп айтқанын қалаған шығар», —
деді ол.
Әнші бұрынғы жұбайымен өзара түсіністік жағынан қиындықтар болғанын да жасырмады.
«Мен әдетте адамдармен тез тіл табыса аламын. Жаңа таныстық бастау, әңгіме айту — мен үшін қиын емес. Ешқашан адамдармен қарым-қатынастан қорыққан емеспін. Бірақ дәл күйеуіммен сөйлесуде бір тосқауыл бар еді. Бізде диалог болмады — тура мағынасында да, астарлы мағынасында да. Біз сөйлесе алмайтынбыз», —
деді Исабекова.
Фото: Instagram