Жуырда Жұлдыз бен Алау қара және ақ аққу бейнесіне еніп, ерекше фотосессия жасады. Бұл образдардың өзіндік символикалық мәні бар: анасы қорғаушы кейпінде көрінді.
«Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасын. Мен қызымды өзге үйге “келін боласың”-деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес қолдау бар», –
деді Жұлдыз.
Желі қолданушылары да актрисаның жазбасына жылы лебіздерін білдірді.
«Қандай керемет жансыздар, ана мен қыздың құрбыдай болғаны қандай жақсы! Сенім – ең бастысы», «Қайталанбас ана, көпке үлгі», «Қандай образ болса да жарастыра білесің, Джули. Алау, анаңды бағала, ол сен үшін таптырмас жан», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Фото: Instagram