Алаудың айтуынша, жағымсыз пікірлерді көбіне 40–50 жастан асқан адамдар жазады. Сынға оның сырт келбеті мен киім үлгісі жиі ілігеді.
«Менде бір ғана сұрақ. Шын ұят қайсы? Өз өмірімен айналысқан жас қыз ба? Әлде, желіде отырып, жасөспірімді қорлап, ар-намысына тиіп, өз комплекстерін басқаға жабатын ересек адам ба? Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал, сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды тәрбие деп түсінесіздер. Есіңізде болсын, сөз – өте қауіпті қару. Сіз жазған жай пікір – біреу үшін жара. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі»,–
деді Алау.
Бұл мәлімдемеден кейін жас қызды оқырмандары қолдады. Пікір жазғандардың арасында Алаудың апасы Гүлзира ханым да болды.
«Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шындығында қатты батты, пәленшенің немересі, түгеншенің қызы деп тиісу де аз болған жоқ. Қандай перзентіміз болса да ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз орамалменде көріп жатырмыз, беті жылтыр іші қылтыр. Бастысы екі жүзділік болмасын ұрпағымызда. Бізде ең ауыры, біреу алға шықса аяқтан тарту өте көп, өсек бітпейді»,–
деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Фото: Instagram