«Жас Шелдон» сериалындағы актер қазақстандық әншінің әнін орындады

Америкалық жас Шелдон Купер рөлін сомдаған актер Иэн Армитидж қазақстандық әншінің әнін орындады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 13 марта 2026, 11:18
Жас Шелдон актер
Instagram: @iain

Бірнеше күн бұрын Армитидж Instagram желісіндегі аудиториясына жүгініп, оқырмандарынан өздерінің музыкалық талғамдарымен бөлісуді сұраған. Оның жанкүйерлерінің бірі Қазақстандық әнші Ayau орындаған «Кел, кел» әнін атап өткен.

Актер бұл пікірге жауап ретінде өзінің Instagram парақшасында бейнеролик жариялап, онда аталған әнді қазақ тілінде орындап шыққан. Бейежазбаның үзіндісі Moderniet Instagram-парақшасында да жарияланды.

Иэн Армитидж — америкалық кино, теледидар және дыбыстау актері. Ол кеңінен «Детство Шелдона» ситкомындағы жас Шелдон Купер рөлі арқылы танымал болды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше