Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өміріндегі өзгерістер туралы айтты

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова ажырасудан кейінгі өмірі мен жеке жауапкершіліктің артуына қатысты өз ойымен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 11 июня 2026, 11:39
Мақпал Исабекова
Instagram: @makosyai

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күнделікті тіршілігіне қатысты ойларымен бөлісті.

Әншінің айтуынша, бүгінде барлық істі өз күшімен атқару физикалық тұрғыдан оңай емес. Соған қарамастан, ол қазіргі кезеңде өзін әлдеқайда еркін әрі жеңіл сезінетінін жеткізді.

«Маған моральдық жағынан ауыр тимейді. Себебі арқа сүйейтін адамымның жоқ екенін түсінемін және бұл міндеттердің бәрін менен басқа ешкім орындамайтынын білемін», –

деді әнші.

Мақпал Исабекова отбасылы болған кезде де үй шаруасы мен бала тәрбиесіне қатысты жұмыстардың басым бөлігі өз мойнында болғанын айтты. Оның сөзінше, жанында жары бола тұра барлық жауапкершілікті жалғыз атқару адамның жан дүниесіне өзгеше әсер етеді.

«Некеде болған кезде қасыңда ер азамат бар болса да, барлық мәселені өзің шешуге тура келсе, жалғыздық сезімі күшейе түседі. Сондай сәттерде “Мұның бәрінің мәні неде?” деген ой келеді», –

деп бөлісті өнер иесі.
Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Instagram/stories: @makosyai

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше