BTS тобы

Жеті адамнан тұратын корей музыкалық тобында қатысушылардың біреуінің болмауы көзге білінбейтіндей, бірақ топтың қатары сиреуде. 

Жеткен жетістіктері жастарға Оңтүстік Корея заңы бойынша 18 бен 28 жас аралығындағы барлық ер адамдар міндетті түрде өтуі керек әскерге қызмет етуден құтылуға көмектеспеді. Оның үстіне қызмет ету мерзімі екі жыл.

Кореяның «Ренхап» агенттігі BTS тобының мүшесі Джинді (шын аты — Ким Сокчин) өз міндетін орындауға кеткенін хабарлады. 30 жастағы әнші Сеулден солтүстікке қарай 60 шақырым жерде орналасқан жаттығу орталығына келді. Әрине, жұлдыз мұны байқатпай жасай алмады: қарулы күштердің, өрт сөндірушілердің және БАҚ-тың жүздеген қызметкерлері оны қауіпсіздігі үшін және оқиғаны жариялау мақсатында орталықтың кіреберісінде күтіп тұрған.

Бұған дейін Big Hit Music лейбілінің өкілі топтың қалған мүшелері де жеке істері аяқталғаннан кейін әскери қызметтен өтетінін айтқан болатын. «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, Джинмен келісімшарт әзірге тоқтатылады, әнші тек 2025 жылы ұжымға оралады деп жоспарлануда.


Фото: Shutterstock/ Instagram @jin

Поделиться: