BTS тобы

Көктемде БАҚ өкілдері кореялық BTS поп-тобын Оңтүстік Корея әскерінде міндетті қызметтен босату жайлы талқылаған болатын.

Заңға сәйкес, 18 жастан 28 жасқа дейінгі барлық ер азаматтар шақырылады. Топ мүшелері барлық шақыру талаптарына сәйкес келеді, бірақ олардың ісін бөлек қарастыруға шешім қабылдаған болатын. 

Оңтүстік Кореяның мәдениет, өнер және спорт министрі мемлекетті BTS мүшелерін әскери қызметтен босатуға шақырды.

«Егер олар өз қызметін тоқтатса, біздің мәдениетіміз үшін үлкен шығын болады, оны бүкіл әлем сезінеді. Олар қазір корей поп-мәдениетін насихаттауда керемет биіктерге жетті»,

деді министр Хван Хи.

Бірақ, шамасы, Оңтүстік Кореяның қарулы күштері Мәдениет министрінің мұндай ұсынысымен келіспейді. CBS басылымы барлық BTS мүшелерін әскер қатарына шақыра алатынын хабарлады. Ал Кореяның еңбек ресурстары әскери басқармасының комиссары жұлдызды жігіттерді шақыру өте әділетті шешім екенін және өз борыштарын өтеу жігіттердің беделін арттыра түсетінін атап өтті. 


Фото: Instagram/bts.bighitofficial

Поделиться: