Ерке Есмахан
Instagram: erke_esmahan

Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен ел тұрғындарының көмегіне қатысты алған сынынан кейін оқырмандарына жауап берді.

Осыған дейін Ерке Қазақстандағы су тасқыны туралы айтқанын жаздық: сол кезде әнші олар отбасымен бірге жақындарына және бүкіл елге көмектесіп жатқандарын айтқан болатын. Шамасы, қалай және қандай көлемде көмек көрсеткенін нақтыламағаны үшін әншіні сынға алған сияқты.

Ерке Instagram-дағы оқырмандарына жағдайды түсіндірді. 

«Қайырлы күн! Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Чек көрсетіп, жариялап айтуыма жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қаншама үлкен кіші қайырымдылық, қандай да болсын берген көмегімізді айтқызбады, ары қарай да айтып, жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Аллах біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда. 

Мен жазғым-ақ келеді. Өйткені сіздер бізді қол қусырып отыр деп ойламасын дегендей. Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. 

Алла сабыр берсін. Біз де сіздер сияқты халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын»,

деп жазды әнші. 

Фото: Instagram

Поделиться: