Ерке Есмахан су тасқыны туралы ойын білдірді
Instagram: erke_esmahan

Ерке Есмахан әдеттегідей инста парақшасында «сұрақ-жауап» айдарын өткізді. Әнші елімізде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қалай көмектесіп жатқанын айтты.

Қазақстандағы су тасқыны тақырыбындағы сұраққа жауап бергенде Ерке отандастарымызға жақсы күндер тіледі. Есмахан үлкен су апатынан қатты зардап шеккен Ақтөбе облысының тумасы. Әнші қолынан келгенше көмек көрсетуде. 

«Бүкіл Қазақ еліне Алла жар болсын деп тілейміз. Табиғи апаттар айтып келмейді. Жер сілкінуі, су тасуы, тағы басқа бірінен соң бірі қорқытып қойды бәрімізді.

Халықпен біргеміз. Елге, жақындарымызға барымызша қолдау, көмек берудеміз отбасымыздың атынан. Алла жеңілдетіп, жақсы күндерде жолықтырсын»,

деп жазды Ерке.

Фото: Instagram

Поделиться: