ELLE Kazakhstan Mahabbat Quiz-дің жаңа бөлімін шығарды. Бұл жолы Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаеваның қатысуымен өтті. 

Шығармашылық жұптың жылы әрі көңілді махаббат оқиғасының куәсі бол. 

Алғаш Батыр мен Әсел шаңырақ көтереміз дегенде, жігіттің анасы сенбеген. Көптеген адамдар жай түсірілім деп ойлаған. Тыңдармандар үшін де күтпеген жағдай болған. 

Ерлі-зайыптылардың бірге өмір сүріп бастаған алғашқы жылдарындағы қарым-қатынастарында дағдарыс болған. «Батыр перфекционист. Ал, мен барлығына жеңіл қараймын. Сол себепті бастапқыда қиын болды», – дейді. 

Бүгінде Батыр мен Әселдің Сальма, Амани есімді қыздары бар. Әселдің айтуынша қыздар дүниеге келгеннен кейін Батыр жұмсақ, жүрегі нәзік бола бастаған. 

Жұптың ара-қатынастарындағы қызықтар мен бір-бірін қаншалықты жақсы білетіні жайлы Mahabbat Quiz-ден көрсең болады.


Фото: Instagram

Поделиться: