Арнұр Қабдолдаев Аружан Магзум
Фото: @nurr_tlegenov

ELLE Kazakhstan Mahabbat Quiz-дің жаңа бөлімін шығарды. Бұл жолы Арнұр Қабдолдаев пен Аружан Магзумның махаббат оқиғалары жайлы қызықты фактілерді білетін боласыңдар. 

Достықтан үлкен махаббатқа ұласқан қарым-қатынастары шытырман оқиғаларға толы. Мысалы, Аружанның Арнұр туралы алғашқы әсері онша емес болғанмен, Арнұр бірден ұнатып, өз дегеніне жеткен. Тіпті, бір күнде үш тосын сый жасаған кезі болыпты. 

Араларында үзіліс болғанын да ғашықтар мойындады. Қазір барлығы артта қалыпты. Бастапқыда Аружан Арнұрдың картиналарда басқа актрисалармен түскеніне қызғанышпен қараса, бүгінде барлығын түсінеді. Өйткені, сүйіктісіне деген сенімін ешкім бұза алмайды. «Ғашық болсаң, басқа адамдарға қарай алмайсың», – дейді Арнұр. 

Жұптың ара-қатынастары және бір-бірін қаншалықты жақсы білетіні жайлы Mahabbat Quiz-ден көрсең болады.


Фото: Instagram

Поделиться: