Алина Мартин муж
Instagram: martin_tips & ayessenov

Биохакер-блогер Алина Мартиннің Астанадағы үйлену тойында қызықты оқиға болды. Әлеуметтік желілерде даяшы үлкен мерекелік тортпен арбаны ұстай алмай құлатып алған видео пайда болды.

Жас жігіт сүйреп келе жатқан арбаны ұстай алмай қалды, 500 мың теңге тұратын жидектермен безендірілген итальяндық стильдегі үлкен торт еденге құлады. Алайда, жас жұбайлар үмітін үзген жоқ. Қалыңдық жағдайды түзету үшін билей бастады. Кейінірек әлеуметтік желілерде қыз даяшы жазаланбауы үшін жазба қалдырды. Әлеуметтік желілерде видео 90 миллионнан аса қаралым жинады.

«Біздің бақыт деңгейіміз — жарты миллион тұратын торт құлаған кезде сабырлық сақтау. Мен бірден ұйымдастырушыларға даяшыныға ұрыспау үшін хат жаздым, ол кінәлі емес, торт 25 кг + астындағы қойғышы 25 кг = 50 кг. Арба безендіру үшін желімделген неон таспасына ілінді. Барлығы уайымдады, көбісі бұл пранк пен пластиктен жасалған торт деп ойлады. Бірақ, ең бастысы, торт сақталды және барлық қонақтар риза болды»,

деп жазды Алина Мартин Instagram парақшасында.

Айтпақшы, блогер өзінің үйлену тойын этно-қазақ стилінде атап өтті. Осылайша қыз болашақ күйеуі-қазақ жігіттің салт-дәстүріне құрмет көрсетті.


Фото: Instagram

Поделиться: