Akha Nege Qaraisyn
Фото: пресс-офис

Akha-дан көптен күткен релиз! Әнші өзінің алғашқы қазақ тіліндегі ән жинағының тұсауын кесті. R&B/Soul жанрында жазылған EP альбом 5 тректен тұрады. Атауы «Nege Qaraisyn».

«Мен «Oyau» атты қазақ тіліндегі алғашқы трек шыққаннан кейін өз тыңдармандарымнан керемет фидбэк алдым және өзімнің ана тілімде шағын альбом жасағым келетінін түсіндім. Қазақ тілінде жазу — сондай рахат»,

деп бөлісті Akha. 

Үнтаспадағы әндер тізіміне Ахметтің ерекше дуэті де кірді.  

«Ән жазу идеясы аяқ асты келді. Маған әртіс, досым және әріптесім Jeti feat жасау туралы ұсыныс айтты, бәрі содан басталды»,

деп пікірін білдірді Akha. 

EP-дің басты айтпағы — әртістің махаббаты мен жеке оқиғасы. Өткеннен бүгінге дейінгі жол. 

Альбомды тыңдау барысында түрлі эмоцияларды бастап кешіріп, фильм көргендей күйде болуың мүмкін. Себебі, бірінші ән сұрақтан («Nege Qaraisyn ») басталып, ары қарай қайғыға батып, хеппи эндпен аяқталады. 

«Тректерде мен ерлер мен әйелдердің махаббаттағы қажеттіліктерін ашып көрсетуге тырыстым, олардың махаббатқа деген әртүрлі көзқарастарын жеткізгім келді. Альбомды менің тыңдармандарымның жүрегіне жол табатын әсерлі жинақ ретінде бағалаймын»,

деді Akha.

Жаңа әндерді плейлистіңе қосып, әншінің шығармашылығын бағалап кет! 


Фото: пресс-офис

Поделиться: