Akha Nege Qaraisyn
Фото: пресс-офис

Лириканы жаны сүйетін Akha кезекті туындысының тұсауын кесті. Әннің атауы «Nege Qaraisyn?». 

«Өзімнің сүйіктіме қарап бұл әнді жаздым. Отырып «Не болды? Неге қарайсың?» деп сұрайтынмын. Осы сөздерден шабыт алдым», – деді Akha. Сингл әншінің жары Аишаның сүйікті әндерінің бірі. Ару жарыққа шығаруын сұрап жүрген. Ахмет кейінге қалдырып, уақыты келгенін күткен.

«Көптен күткен ән желіде, жеңгелерің енді мазаны алмайды. Жақында альбом шығады, кутіңіздер», – деп жазды әнші инста парақшасында.

Бұл Ахметтің қазақ тілінде жарық көрген екінші композициясы. Тыңдармандары әншінің релизін асыға күткен сияқты. Оған дәлел жазылып жатқан пікірлер. 

«Бұл күнге де жеттік-ау», «Алақай!», «Не деген жанға рахат сыйлайтын трек десеңші» – деп жазып жатты музыканттың оқырмандары.

Әнжинақ та «Nege Qaraisyn?» деп аталады. Осы күнге дейін тек синглдар жазып жүрген Ахметтің енді 5 әннен тұратын EP альбомын тыңдай аласыңдар. 29 наурыз жарыққа шығады. Әзірге тректі тыңдап, көктемгі романтикалық вайбты сезін. 


Фото: пресс-офис

Поделиться: