Мақпал Исабекова
Instagram: makosyai / Фото: aidyn_ahmet

Мақпал Исабекованың сыртқы келбетіндегі соңғы өзгерістер желіде қызу пікірталас тудырды. Орындаушы теріс пікір қалдырғандарға жауап беруге шешім қабылдады.

Қазақстандық әртіс екінші рет ана болуға дайындалып жатыр — қазір Мақпал жүктіліктің алтыншы айында. Жақында ол «өзін-өзі қалпына келтіру» және көңіл-күйін көтеру үшін шаш үлгісін өзгертті. Алайда, Мақпал әлеуметтік желілерде бірнеше фотосуреттер мен бейнелерді жариялаған кезде, жағымды пікірлермен қатар, негатив жазып жатқандар да көп болды.

«Мен жүктіліктің алтыншы айында кеш токсикоз, көңіл-күйдің жиі өзгеруі, ісіну және үнемі өзгеретін гормондарға қарамастан, өзімнің көңілімді аулау үшін шашымды бояуға барамын. Ал, кейбір пікір қалдырғандар…»,

деп жазды Исабекова хайтерлердің жағымсыз пікірлері бар скриншоттарды көрсетіп.

Кейінірек Макпал неге кейбір адамдар басқалар туралы осындай жағымсыз нәрселерді жазудан ләззат алатынын талқылауға шешім қабылдады.

«Мен мұнымен не айтқым келеді… Мұның бәрін маған әйелдер жазады. Күн сайын әйелдерін ұрып-соғып, зиян келтіретін еркектерді айыптайтын әйелдер. 

Бұл қалай аталады? Сіздердің жасап жатқандарыңыз, қыздар мен әйелдер? Маған жағымсыз нәрселер жазасыздар — неге? Қандай мақсатпен? Сол кезде өз сөздеріңізбен сіздер сияқты қан мен еттен жаралған басқа әйелдің онсыз да үзілгелі тұрған эмоционалды күйіне әсер етемін деп ойламайсыздар ма»,

деді Исабекова. 

Әнші мұндай пікірлерді жүрегіне жақын қабылдайтынын мойындады. «Бұл менің жаратылысым. Мен мұны жұбату үшін емес, келесі жолы біреуге тағы бір жағымсыз сөз жазғыңыз келсе, ол да тірі адам екенін ойлаңыз. Ол жылауы мүмкін, жанына бататын шығар. Егер басқалармен бөлісу үшін жүректе жылулық болмаса, үндемей өтіп кетіңіз, бұл қиын емес», – деп қорытындылады Мақпал.


Фото: Instagram

Поделиться: