Мақпал Исабекова өмірінің қиын кезеңі туралы айтты
Instagram: makosyai & @botaeltaeva

Отандық әнші Мақпал Исабекова желіде сырын ашып, қазіргі кезде басынан қиын кезең өткеріп жатқанын айтты. Мақпал бұл сынақ мәңгі есінде сақтап қалатынын жеткізді.

Мақпал Исабекова өміріндегі бұл қиын кезеңді балалары үшін еңсеріп келе жатқанын білдірді. Оған қоса шоу-бизнес өкілі өмірінде орын алған жағдайлар жолдасы екеуіне қатысты емес екенін кесіп айтты. 

«Дәл қазіргі уақытта өмірімде болып жатқан жайттар жайлы кейін кітап жазып шығарамын. Бұл төзімділікті тексеретін сынақ болар. Оны сүрінбей өту үшін ақыл мен күш-қуат бере гөр, құдайым. Мен өмірімнің бұл кезеңін кванттық серпіліс ретінде мәңгі есімде сақтап қаламын. Әзірге балаларым үшін барымды салып, еңсеріп келе жатырмын. Бұдан көбірек айтқым келсе, бәрін ашық айтар едім. Бұл өмірде мәселенің барлығы еркек пен әйелдің қарым-қатынасына ғана келіп тірелмейді. Одан басқа жағдайлар да бар»,

деп жазды әнші.

Фото: Instagram

Поделиться: