Ауа-райының қатысы жоқ.

Шаршау, бел ауруы, тәбеттің жоғарылауы және ұйқыға құштарлық — етеккір алдындағы синдромның белгілері. Және ол жылдың кез келген уақытында пайда болады. Бірақ кейбір әйелдерге қыста бұл белгілер қатты байқалатын сияқты. Шынымен солай болуы мүмкін бе? Иә.

Гинеколог Джанави Дару, ғалым Эвелина Рогозинская және репродуктивті ғалым Варша Джейн Refinery29-ға берген сұхбатында кейбір дәрігерлер мен сарапшылар мұны қысқа күндізгі жарықпен, ұйқының бұзылуымен, апатиямен, спорт пен диетадан бас тартуларымен және т.б себептермен байланыстырады дейді. Рас, жыл мезгілдерінің байланысы және етеккір циклінің белгілерінің жоғарылауы туралы сенімді медициналық дәлелдер жоқ.

«Шын мәнінде, бұл белгілердің айқын себептері басқа аурулар болып табылады. Соның ішінде темір тапшылығы және күзде және қыста пайда болатын маусымдық аффективті бұзылулар», – дейді сарапшылар. Дәрігерлердің пікірінше, жоғарыда аталған денсаулық проблемалары көбінесе әл-ауқаттың нашарлауының негізгі себебі болып табылады.

«Менструация кезінде келу мөлшерінің көптігіне назар аудар. Тоқтаусыз келетін етеккір болса, ондай әйелдер 90% темір тапшылығынан зардап шегеді», – дейді дәрігерлер. Бірақ, сен бұл мәселеге тап болмасаң да, сарапшылар гинекологқа «қысқы етеккір алдындағы синдром» мәселесі бойынша баруға кеңес береді және ауа-райының қатысы жоқ екенін еске салады.


Фото: Pexels

Поделиться: