Етеккір кезінде ауырсынуды жеңілдету жолдары

Ауырсынуды басуға болатын ең жақсы лайфхақтармен бөлісеміз. 

Қан кетудің көмегімен бір ай ішінде қанда жиналған барлық қалдықтар шығарылады. Бұл тиісінше адам денсаулығын жақсы етеді, өйткені денеде жиналатын барлық «кірден» арыласың. Алайда, ауырсынуға шыдау жағымды емес (және кейде мүлдем төзгісіз).

Сен етеккір кезінде өзіңді жақсы сезінуге көмектесетін көптеген қарапайым лайфхактар бар екенін білесің бе? 

Жылы киін

Аналарымыз, тіпті күн жылы болса да жылы киін деп бекер айтпаған. Суық тигеннен етеккір кезінде ауырсыну күшейе түсуі мүмкін. Осыған байланысты тамырлар тарылып, бұлшықет спазмы күшейе түседі. Етеккір күндері (және оған дейін) аяқтар мен іш аймағын жылы ұстау керек. Сондықтан осы кезеңде шұлықтар, жоғары белді шалбар және ұзын күртелер сенің ең жақсы досың болуы керек. Жылуды сақтау үшін бұл аймақты дәріхана спиртімен немесе жылыту майлармен сүртіп, ішіңді орамалмен орауға болады.

Жылыту жастықшасын пайдалан

Іш пен жамбас аймағында қатты ауырсынудан ояндың ба? Бірден жылы нәрсені, мысалы, қарапайым немесе электронды жылыту жастықшасын қой. Қазіргі таңда жылыту жастықшасының көптеген түрлері бар.

Жылу тамырларды кеңейтеді және сәйкесінше спазмды азайтады. Бірақ есіңде болсын, оны шектен тыс қолдануға болмайды, жылыту жастықшасын 10-20 минуттан артық қалдырма, ол қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Ыстық сұйықтықты көп іш

Шай, какао, кофе немесе тіпті жылы су ішсең де болады. Кез келген сусындар, әсіресе су, қанды «сұйық» етеді және ол әлдеқайда оңай тазартылады. Кофеин дененің бұлшық еттеріндегі ауырсыну мен кернеуді жеңілдететіні белгілі. Ол тіпті көптеген ауырсынуды басатын дәрілерде қолданылады. Ал шөп шайлары демалуға көмектеседі.

Йогамен айналысып көр

Етеккір кезінде жаттығуға болмайды деп кім айтты? Күш пен тым ауыр жаттығулар жасаудың қажеті жоқ, бірақ йога немесе созылу өте пайдалы. Ауырсынуды азайтуға септігін тигізеді.

Жылы ванна қабылда

Ескерту! Егер етеккір қатты болса, онда бұл тармақты бірден өткізіп жібер, бұл әдіс саған арналмаған. Өйткені, жылы су қан тамырларын кеңейтеді және қан кету күшеюі мүмкін. Алайда, егер сенде бәрі жақсы болса, онда ванна қабылдасаң болады (бірақ тым ыстық емес), арнайы майлар, көбік пен бомба қосып, рахаттан! Толық релаксация үшін босаңсытатын музыка мен хош иісті таяқшаларды немесе шамдарды пайдалансаң болады. 

Психологиялық тұрғыдан демал

Аурудың бір бөлігі психосоматикалық екені бұрыннан белгілі. Көбінесе шиеленістер, стресс, мазасыздық біздің әл-ауқатымызға теріс әсер етеді. Day-off алып, өзіңе шағын демалыс ұйымдастыр. Үй тапсырмасы, емтихан немесе жұмыс туралы ойлама. Бұл тек өзіңе зиян тигізеді, өйткені осы маңызды тапсырмаларды орындауға энергия жоқ, сондықтан неге өзіңді қинайсың? Айтпақшы, көптеген ұйымдар мен мекемелерде әйелдер ресми түрде «осы күндер»үшін ай сайын екі күндік демалыс алады.

Өзіңді еркелет

Сүйікті тамағыңды үйге тапсырыс бер, тәттілер сатып ал, фильм көр, ұйқыңды қандыр, құбыңмее телефон арқылы сөйлес, серуендеуге немесе дүкенге бар. Бір сөзбен айтқанда-физикалық тұрғыдан ғана емес, эмоционалды түрде де өзіңді жақсы сезінуге көмектесетін нәрсені жаса. Ауырсынуға назар аударма. Егер оны елемей, сүйікті ісіңмен айналыссаң, оның қалай өтетінін байқамайсың.

Ауырсынуды басатын дәрі іш

Егер жоғарыда аталған барлық тармақтар көмектеспесе, онда дәрі қабылдауға тура келеді. Сенің алғашқы медициналық көмек жинағыңда әрдайым өзіңді нашар сезінген жағдайда ішуге болатын дәрі-дәрмектер болуы керек. Өз бетінше емделуге кеңес бермейміз: дәрігермен кеңесуді ұмытпа. 


Фото: Pexels/ Cottonbrostudio/ Olga Mironova/

Поделиться: