Жанар Дұғалова астаналық келін атанбақ

Танымал әнші және актриса Жанар Дұғалова алда болатын тойы жайлы айтып берді.

Жанар сырға салу рәсімі өтіп кеткенін айтып, тойға дайындық барысымен бөлісті.

«Сырға салу рәсімі өтіп кетті. Тойды наурыз айына жоспарлаған болатынбыз, бірақ өзгеруі де мүмкін. Нақты уақытын айта алмаймын. Қыз ұзату тойының уақытын да әлі шешпедік. Шынымды айтсам, қыз ұзату тойын жасағым келмеп еді. Заманауи біріккен той жасасақ деп ойлап едім. Бірақ әке-шешем келіспеді. Ол кісілерге қарсы шыға алмадым»,

деді Жанар. 

Әнші тойында көп кісі болмайтынын айтты:

«Тойымыз заманауи стильде өтетін болғандықтан, қызжолдас болмайды. Көп кісі болатын үлкен той болады деп  айта алмаймын. Жақын адамдарым ғана болад. Әрине, әріптестерімнің арасында жақын араласатын достарымды да шақырамын»,

 деді ол.

Сонымен қатар, Жанар жарымен Астанада қаласында танысқандарын, және сол қалаға келін болатынын айтты.

«Ол – менің өнерімді бағалап, қолдай алатын адам. Сондықтан талап қоймайтынына сенімдімін. Бізде ешкім ешкімді өзгертуге тырыспайды. Бір-бірімізді қалай бар, солай қабылдаймыз. Махаббаттың мәні де сонда болса керек»,

деп толықтырды әнші.

Фото: Instagram/ @zhanar_dugalova

Поделиться: