Жанар Дұғалова тұрмыс құрады

Қазақстандық әнші және актриса Жанар Дұғалова тұрмыс құрады. Ол өзінің болашақ жарымен қалай танысқаны туралы айтты. 

Продюсер және интервьюер Тимур Балымбетов Жанармен сұхбаттасып, оның YouTube-арнасында шыққан сұхбат барысында Жанардың болашақ жары жайлы сұрады. 

Жанар қуанышты жаңалықты растады. 

«Иә, бұл рас. Әнде айтылғандай, «не спрячешься, не скроешься, любовь тебя настигнет». Осы әндегідей болды. Біз онымен бір жолмен жүрдік, белгілі болғандай бір азық-түлік дүкеніне барып жүріппіз. Екеумізде Мәскеуде тұрдық, оқыдық, бірақ ешқашан кездеспеппіз. 

Қазақстанда, отанымызда кездестік. Ол біздің саладан емес, бірақ өте жақсы музыкалықталғамы мен есту қабілеті бар. Өте жан-жақты, қызықты адам. Мен әрқашан қалайтынмын, армандайтынмын, тек махаббатпен тұрмыс құруды. Қандай да бір есеп бойынша емес, қандай да бір жоспар бойынша емес, ақыл-ой емес, жүрек қалауыммен»,

деді ол.

Той наурыз айына жоспарланған.


Фото: Instagram/ @zhanar_dugalova

Поделиться: