Целлюлит
Pexels: Ron Lach

Францияда қыздар жеңіл шаш үлгісін жақсы көреді, оны жасау көп уақытты қажет етпейді. Макияж туралы да солай айтуға болады. Бірақ олар денеге және терінің сапасын жақсартуға көп уақыт жұмсауға дайын — әсіресе тегіс аяқтарына.

«Біз целлюлитпен ерте жастан бастап күресеміз. Бірақ біз реалистпіз. Целлюлиттен біржола құтылу мүмкін емес екенін түсінеміз, сондықтан жағдайды жақсартуға немесе оның көріністерін жасыруға тырысамыз», — дейді дәріхананың негізін қалаушы доктор Марин Винсент.

Естеріңе сала кетейік, целлюлит — қалыпты жағдай. Бірақ егер оны ұнатпасаң, 5 күшті француз кеңестерін сақта.

LPG уқалап сылай

Француз әйелдері қиынынан бастайды және бірден LPG массажының лимфа дренаждық процедурасына барады. «Вакуумдық аспирацияның көмегімен құрылғы май қабаттарын сұрыптайды, терінің қатпарын арнайы роликтермен ұстап, теріні қатайтады», — дейді Марин.

Ол, тіпті, кішкентай Француз қалашықтарында LPG уқалап сылау студиясын табуға болады деп сендіреді, өйткені француз әйелдері оны жақсы көреді.

Құрғақ щеткамен ұқалап сылау

Олар косметологиялық процедуралардың нәтижесін үйде қолдайды: мысалы, құрғақ щеткамен ұқалап сылау. Ол целлюлитті кетірмейді, бірақ қан айналымын жақсартудың арқасында терінің тегіс әсерін тудырады, дегенмен кейбір мамандар оның тиімділігіне күмәнданады.

Кофеинді кремдер

«Францияда қыздар салмақ жоғалту үшін перкутафеинмен жергілікті гельді жиі пайдаланады. Оның құрамында 5% кофеин бар, ол қан айналымын жақсартады және теріні қатайтады», — деп түсіндіреді Марин Винсент. 

Спорт

Эстетикалық дәрігер Вассим Тактук түсіндіреді: жаттығу целлюлитті көрсетпей тұрады. «Май целлюлиттің пайда болуына ықпал етеді, сондықтан бұлшықет тонусын жоғарылату және жаттығу мәселені барынша азайтып, терінің жалпы көрінісін жақсартады», — дейді ол.

Автозагар

Француз әйелдері целлюлит аз көрінуі үшін күнге күйген әсер беретін құралдарды пайдаланады.


Фото: Unsplash

Поделиться: