Әсел Сағатова Үндістанға ұшып барып, атақты Тәж-Махал кесенесінде болды. Актриса Instagram-да видео жариялады.
Бірер уақыт бұрын Әсел Сағатова Үндістанға келгенін хабарлаған еді. Қазақстандық кино жұлдызы елдің солтүстігіндегі Агра қаласындағы сарайға тоқтады. Бұл қаланың жанында атақты Тәж-Махал кесенесі орналасқан, оны Сағатова бірінші кезекте көруге шешім қабылдады. Ерекше киініп, актриса таң атқанда сол жерге барды.
«Күннің шығуы кезінде Тәж-Махал сөзбен айтып жеткізе алмайтындай әдемі», – деп Әсел өз әсерімен бөлісті.
Оқырмандары актрисаға жылы сөздерін жазып жатты. «Сенен әдемі, талантты актриса Қазақстанда жоқ», «Сұлулықтың жанындағы сұлулық», «Шығыс ханшайымы Әсел», – деп пікірлерін қалдырды желі қолданушылары.
Фото: Instagram
Поделиться: