Әсел Сағатова
Instagram: asselsagatova

38 жастағы қазақстандық актриса Әсел Сағатова мамандығы үшін сыртқы келбетімен кез келген эксперименттер жасауға дайын екенін мойындады, оның жаңа образы әлеуметтік желідегі жазылушыларын таң қалдырды.

«Сырт келбетіңізбен тәжірибе жасағанды ұнатасыз ба?! Мен өте консервативтімін, бірақ өте сенімді жоба үшін шашымды қырып тастауға дайынмын, жасанды шаштар да жақсы көрінеді», – деді Әсел. 

Сағатованың парақшасына салған фотосуретінде ол боб шаш үлгісімен, күміс түсті жылтыраған киім киген. Сыртқы келбетке қосымша сән берген джинсы етік болды. Актриса ашық қызыл ерін далабын таңдап, көлемді білезіктер тақты. 

Жанкүйерлер өздерінің «оттарын» посттың астына қалдырып, «Рэкетир» жұлдызын сұлу деп айтып жатты.


Фото: Instagram

Поделиться: