Жақында ана атанған қобызшы Ақерке Бүркітбай Instagram желісіндегі оқырмандарына босанғаннан кейінгі күйзелісті қалай жеңгенін айтты.
Ақпан айында қазақстандық орындаушы Әли Оқапов пен «Асыл» музыкалық тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай алғаш рет ата-ана атанды, ал Әлидің анасы — Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева әже атанған болатын. Баланың есімін Зейін деп қойып, жұртшылыққа алғаш рет бесік тойда көрсетті.
Ақерке әлеуметтік желіде көптеген әйелдер сияқты босанғаннан кейінгі күйзелісті бастан өткергенін жазды.
«Ешқашан жұмысқа шықпаймын деп ойлайсың, артық салмақтан айрыла алматындай боласың, көңіл-күйің өзгереді, көз жасыңа ерік бересің, ойларың тұрақты емес және кейде не істеп жатқаныңды білмейсің»,
деп мойындады Ақерке.
Дегенмен, жас ана өзі үшін қорытынды жасады.
«Алайда, жағдайға екінші жағынан қарасақ, көп нәрсе өзгереді. Егер үйде отырып қалдым, ал әлем дамып жатыр деп ойламасақ, ана болу — бұл әйелдің өміріндегі жаңа және маңызды кезең, оның өзін-өзі жүзеге асыруы екенін түсінсек, бұл уақыттан толықтай ләззат алуға болады, бәрі тек бізге байланысты»,
деді ол.
Фото: Ботагоз Галиева @necreativ