Мақпал Исабекова босанғаннан кейінгі депрессия туралы айтты

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова өзінің Instagram-аккаунтында босанғаннан кейінгі депрессия туралы және сахнаға қайта оралуы жайлы айтты. 

39 жастағы әнші ұлы туылғаннан кейін депрессияға тап болғанын айтты. Мақпалдың айтуынша, босанғаннан кейін сегіз ай өтсе де, кейде жағымсыз эмоциялар болып тұрады. 

«Болды. Қазір де болып тұрады. Мен бұл жағдайды шаршау, режим мен өмір салтынының өзгеруі деп түсінемін. Мұның бәрі босанған әйел үшін қалыпты жағдай. Гормоналды фон өзгереді, ал егер бала әлі емізетін болса, жағымсыз жағдайлар болып тұрады. Неліктен бұл туралы дауыстап айту үйреншіксіз екенін білмеймін. Мен үшін бұл жайлы ашық айтып, әйелді болатын нәрсеге дайындау керек деп ойлаймын»,

деді Мақпал.
Мақпал Исабекова босанғаннан кейінгі депрессия туралы айтты

Сондай-ақ, отандық әнші сахнаға оралғысы келетінін айтты.

«Мен сахнадан жанкүйерлердің бақытты, күлімсіреген жүздерін көргенді ұнатамын. Бұл мені шабыттандырады. Ол үшін мен ән айтамын. Мен қуаныш пен махаббат бергім келеді»,

деді әнші.

Фото: Instagram/ @botaeltaeva @makosyai

Поделиться: