"жоқ" деп айту

Сіз ешкімге жоқ демей және бәоіне келісуге дағдыланғансыз, билік сіздің құлшынысыңызды жоғары жалақы мен мансаптық көтерілумен марапаттайды деп үміттенесіз. 

Шын мәнінде, бастықтардың сіздің жұмысыңызды елеп-ескеруге уақыты жоқ, әсіресе егер сіз өзіңізге тиесілі барлық нәрсені келісіп жасай берсеңіз. Әріптестер, әдетте, басқа адамдардың жұмысына күмәнмен қарайды немесе тапсырмалардың бір бөлігін сізге беріп қалуға тырысады. Кеңседен тыс өмір туралы айтатын болсақ, достар мен туыстарға көмектесу – бұл жақсы, бірақ олар сізге жаны ашымауы мүмкін және сіз үшін бұл қиын емес деп санай отырып, әрдайым көбірек талап етуі мүмкін. Сіз оларға әдеттегідей: «Ия, әрине!», – дей бересіз. 

«Жоқ» деп айтуды қалай үйренуге болады? 

Төменде «жоқ» деп айту қадамдары: жеті ереже және қараусыз қалған жағдайларға арналған үш тактика.

1. Уақытты бағалаңыз

Қандай ауыртпашылық келетінін, қанша уақыт алатындығын нақты анықтаңыз. Егер біреу өтініш білдірсе, өз кестеңізге қараңыз,  екі минуттан көп уақыт кетсе, бас тартыңыз. Себебі, сіздің уақытыңызды алып, сәзді әурелеп тұр. 

2. Өзіңізге маңызды заттарға көңіл бөліңіз

Егер сізде бос уақытыңыз болса, ол міндетті түрде бәріне көмектесіп, келісе беру дегенді білдірмейді. Сіз шынымен де көптен күткен демалысты сүйікті адамыңызбен немесе отбасыңызбен өткузідің орнына, басқа біреудің өтінішін орындап жүргіңіз келе ме ? 

3. Тәжірибе 

Мүмкіндігінше жиі «жоқ» деп айту – бас тартуды жақсартудың тамаша тәсілі. Кейде бұл сиқырлы сөзді қайталау айтқанынан қайтпайтын адамдардан құтылуға көмектеседі. Соңында сізбен басқаша сөйлесе бастайды. 

4.Кешірім сұрай бермеңіз

Жиі кездесетін қателік – бұл сыпайы естіледі деп, бас тартуды «Кешіріңіз, бірақ…» деп бастау. Өзіңізді қалай көндіріп алғанын байқамай қаласыз. Сіз өз уақытыңызды қорғай отырып, талапшыл болуыңыз керек. Кешірім сұрайтын орын емес.

"жоқ" деп айту
5. Сыпайы болуды тоқтатыңыз

Сыпайы болу қауіпті. Бәріне жақсы болу өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне әкелуі мүмкін, тіпті жеке мүдделер толығымен жойылғанға дейін. Өз мүддеңізді қорғап, талапшыл болған сайын, адамдар сізді сыйлай түседі. Сыпайы болудың зиянды жақтарын да ойлаңыз. 

6. Бастыққа да «жоқ» деп айтыңыз

Бұл дұрыс емес, бұл сіз өзіңіздің бостандығыңызды қорғап, біттіңіз дегенді білдірмейді. Біріншіден, бұл келісімшартта болған жоқ. Екіншіден, сізге тым көп міндеттеме жүктеу арқылы басшылық сіздің жұмысыңыздың сапасына қауіп төндіреді. Сол себепті лауазымына қарамай, өз басыңызды, мүддеңіз ойлап, сізге керек емес жұмыстан бас тартыңыз. 

7. Алдын ала ойланыңыз

Кейде сізге жүктелгелі отырған тапсырманы біліп отырсаңыз, алдын ала бас тартсаңыз болады. Мысалы: «Менің жоспарым осы аптаға өте көп, мазаламаулаңызды сұраймын» деп айтсаңыз болады». 

Поделиться: