сәнді шаш реңктері
Instagram: @sarahangius

Қазірден жазға дайындал!

Статистикаға сәйкес, жаз қарсаңында қыздар гардеробты жаңартудан басқа, шашпен тәжірибе жасау туралы ойлайды. Қандай да бір себептермен шаш қию екінші орынға шығады, ал бояудың әртүрлі нұсқалары бірінші кезекте. Биылғы жылы стилисттер терең табиғи реңктер трендте екенін сенімді түрде айтты.

Ванильді-бадам кремі

Ванильді-бадам кремі — бұл круассанға арналған тамаша толтырғыш сияқты естіледі, бірақ бұл жаздың ең сәнді шаш реңктерінің бірі. Ол мұзды аққұба мен жылы алтын реңктердің шекарасында орналасқан. Біркелкі түс емес, шашқа қосымша көрнекі көлем беретін көптеген ерекшеліктер бар. Бұл «кремнің» артықшылығы — ол бәріне үйлеседі: ақшыл адамдарға да, бет терісі қара адамдарға да.

Татымды даршын

Жасыратыны жоқ, жирен шаш ең сәнді реңктер рейтингінде бірінші жыл емес. Соңғы уақытта көптеген атақты адамдар қызғылт-сары түске бояды — жаңа рөл немесе подиумға шығу үшін емес, жанның қалауы бойынша. Күн сәулесі беретін жарқыраудың арқасында мұндай бояу ерекше көрінеді. Жаз айына керемет таңдау. Бірақ дәл қазір — қызыл, мыс және алтын реңктері өзекті.

Каштан қосылған қара шоколад

Моно бояу әлі де трендте екенін ұмытпа. Егер шашты бір түске бояғың келсе, онда біз каштан реңктері бар шоколадты түске бояуға кеңес береміз. Бұл реңк өте салмақты көрінеді және ол кәрі көрсетідің орнына бірден сергітеді және жасартады. Сонымен қатар, қою түсті шашқа күтім жасау оңайырақ.


Фото: Instagram

Поделиться: