Жазғы образды өзгертетін 5 әшекей
Instagram: monikh

Біз оптимист болуды және жаздың жартысы артта емес, әлі алда деп есептеуді ұсынамыз.

Егер, жазғы демалысқа арналған зергерлік жаңартуларды әлі алмаған болсаң, біз fashion-блогерлердің мысалында бірнеше ультра-сәнді бұйымдарды ұсынамыз.

Інжу алқа

Сөмкеде көп орын алмайтын тамаша демалыс серігі. Оның тағы бір ерекшелігі бұйым кез-келген киімге сәйкес келеді. Оны кем дегенде кроп-топпен және шортпен, тіпті кешке талғампаз көйлекпен үйлестіріп киюге болады.

Минималистік анклеттер 

Аяқтағы шынжырлы білезіктер тек жылы ауа-райында киюге болатындықтан, бұл мүмкіндікті барынша пайдалан. Бұйым барлық демалыс гардеробыңа сәйкес келуі үшін, алтын мен күмістің минималистік тізбектерін қара. Теңізден кейін зергерлік бұйымдарды таза сумен жууды ұмытпа.

Қаладағы гауһар тастар

Мейрамханадағы қарапайым селфимен ешкімді таң қалдырмайсың. Керемет бұйымдар оқырмандардан көбірек пікір жинауға көмектеседі. Соңғысының рөлі зертханада өсірілген тастармен гауһар алқаға беріледі. Досыңмен таңғы асқа, кездесуге немесе кино барғанда, кез-келген жағдайда сенің partner in crime болады.

Сақина-сырғалар

Көптеген fashion-блогерлердің соңғы уақыттағы сүйікті зергерлік бұйымдарының қатарына қос хупы-сырғалары (немесе айыр сақина сырғалары) кіреді. Біз олардың осы әшекейге деген сүйіспеншілігін түсінеміз және бөлісеміз: сырғалар назар аудартады және көптеген киімдерге сәйкес келеді.

Өрілген білезіктер

Иә, шын мәнінде, бұл біз он жыл бұрын киген білезіктер. Сондықтан, осы қазыналарды іздеу үшін шкафтың артындағы қораптарды қара. Немесе өзіңнің дизайның бойынша жаңаларын тоқуға болады.


Фото: Instagram

Поделиться: