Жамиля Бақбергенова

Әйелдер күресі бойынша Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлдеге ие болды. 

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Бақбергенова финалда америкалық Амит Эйлормен кездесті. Жекпе-жек тез аяқталды. Қарсыласы тиімді әдіс қолдана отырып, айқын басымдылыққа ие болды. Осылайша, ол мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Естеріңізге сала кетсек, осымен Бақбергенова әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанып отыр. Алдыңға жылы да күміс жүлдеге ие болған болатын. 


Фото: Instagram/ @zhamila.bakbergenova

Поделиться: