Жаңа жыл

Pexels: Anastasia Shuraeva

Достарың кетіп қалды, жігітің жоқ, ал отбасыңмен жақсы қарым-қатынаста емессің немесе олар қандай да бір себептермен сенен алыс жерде. Жаңа жылды жалғыз қарсы алатын сияқтысың. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Бірінші кеңес: күйзелісің туралы әлеуметтік желіде айтпа

Бәрі сені бірден әлеуметтік желілерде жұбатады деп ойлама. Кейбіреулер үшін бұл жақсы көңіл көтеруге себеп болуы мүмкін.

Екінші кеңес: сүйікті тағамдарыңа тапсырыс бер немесе өзің үшін аспаздық шоу ұйымдастыр

Ойлап көрші — сен жалғызсың, егер тауықты күйдіріп алсаң немесе тәттіні шамадан тыс жесең, ешкім айыптамайды. Демал. Қытырлақ картоп алып, төсекте жатып , «Гарри Поттерді» көріп шық.

Үшінші кеңес: әлеуметтік шеңберіңді кеңейт

ХХІ ғасырдағы ең маңызды нәрсе не екенін білесің бе? Жоқ, әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны емес. Байланыстар! Сондықтан жаңа таныстар артық болмайды. Әлеуметтік желілерде мұны істеу өте оңай: жай ғана өз қызығушылығың бойынша адамдар тобын тауып, сөйлесуді баста. Интернеттегі достар кейде бірнеше жылдар бойы бір партада отырған адамдарға қарағанда жақсы түсінеді.

Төртінші кеңес: желіден тыс танысуға да болады

Демалыс уақытында бос отырма және түрлі шеберлік сағаттарына жазыл. Саған не ұнайтынын шешіп, пайдалы нәрсемен үйлестір: сен жаңа нәрсе үйренесің және ұқсас қызығушылықтары бар адамды табасың.


Фото: Pexels

Поделиться: