Жұмысқа баруға қорыққан ненің белгісі
Pexels: Anna Shvets

Ұзақ уақыт бойы жұмысқа барғың келмей жүргенін байқайсың ба? Мұндай сезімдер жалқаулықпен байланысты емес.

Психотерапевт Николетт Леанза FOX Business-ке берген сұхбатында: «Біреуге жұмыстағы тапсырмалар шамадан тыс көп жүктелуі адамды алаңдатады, тіпті, жұмысқа барудан қорқуы мүмкін», – деді.

Сарапшылар жағдай қиындамай тұрғанда өз жүктемелерін бақылауға шақырады. Ақыр соңында, басшыларға жаңа қызметкерді іздеп, оқытқаннан гөрі бір келісімге келу оңайырақ.

Сондықтан жұмыс міндеттерінің көптігінің алғашқы белгілеріне назар аудару маңызды. Ірі кадрлар агенттігінің вице-президенті Эми Глейзердің айтуынша, егер сен көп қателіктер жібере бастасаң, белгіленген мерзімге жетуді тоқтатсаң және тиімді жұмыс істей алмасаң, сақ болуың керек.


Фото: Pexels

Поделиться: