Жұлдыздардың 2023 жылы жасаған ең үлкен саудалары
Instagram: gulzada_tl

Қазақстандық шоу-бизнестің жұлдыздары жанкүйерлерімен өте тығыз байланыста.

Кейде олар сатып алған заттарымен бөліседі және қанша ақша жұмсағанын айтады. 2023 жылы атақты адамдардың ең үлкен саудалары туралы айтамыз.

Биыл Фариза Төреәлі мен оның жұбайы Дархан Нортаев елордада пәтер сатып алды.

«Астанадан үй алдық! Астананың орталығында, премиум класстағы, Бәйтерек көрінісімен 6 бөлмелі үй алдық»,

деп бөлісті блогер.

Сонымен қатар, блогердің жолдасы Дархан Нортаев биыл өзінің армандаған көлігін де сатып алды. 

Сүйікті жұбайына биыл алғаш рет әке атанған Әли Оқапов та автокөлік сыйлады. 

«Рахмет саған, менің қолдауым, қорғаушым»,

деп Ақерке Бүркітбай күйеуіне алғысын білдірді.

Жарына көлік сыйлағандардың қатарында мобилограф Қыран Талапбек те бар. Жары Гүлзада Тұрлаш өз эмоциясымен желіде бөліскен болатын.

Блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне уәде етілген сыйлығын табыс етті. Дархан өзінің сүйіктісіне бірнеше жыл бұрын армандаған көлігін беруге уәде бергенін айтты.

«Мен оған екі бала туып берсең мұндай көлікті міндетті түрде сатып алатынымды айттым. Сол сәтте мұндай көлікке, тіпті оның бір дөңгелегіне де ақша болған жоқ»,

деді ол.

Биыл Дархан Алматы қаласынан ата-анасына 80 миллион теңгеге пәтер сатып берді. Блогер бұл анасының арманы екенін атап өтті. 

Анасын Әлихан Байзақов та қуантты, арманындағы пәтерді сыйға тартты. Бұл туралы блогер өз оқырмандарымен бөлісті. 

«Бала кезімде мен әрқашан өз көлігіміз бен үлкен пәтеріміз болғанын армандайтынмын. Содан кейін біз шағын ауданда тұрдық, ал пәтер өте кішкентай болды. Бірақ мұндай болса да, ол жайлылық пен сүйіспеншілікке толы болды!»,

деп есіне алды Әлихан.

Өткен жылы Малаховтың шоуына қатысып, өз дауысымен көрермендерді баурап алған жас қазақстандық әнші Гүлмира Ізбасханова жанкүйерлеріне Алматыда екі бөлмелі пәтер сатып алғанын айтты. Оқырмандары ол үшін шын жүректен қуанды.

Тағы бір жас актриса және тележүргізуші Анара Батырхан өз үйінің иегері атанды. 

Әнші Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына 60 миллион теңгеге пәтер сатып алды. Ол ұлының туған күніне сыйлық жасады. 

«Менің ұлым пәтер алғысы келді. Бұл менің тағы бір үлкен жетістігім»,

деді екі баланың анасы.

Ақпарат көзі: Nur KZ

Поделиться: