Қазақстандық жұлдызды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова тұңғыш қыздарының туған күнімен ерекше құттықтады. Ерлі-зайыптылар Сезімге тосын сый жасады.

Құттықтауды танымал жұп инста парақшаларында көрсетті. Көпбалалы ата-ана түнгі он екіден кейін басқа перзенттерімен бірге үйге келіп, оған үлкен гүл шоғын сыйлаған. 

«Сезім өз ата-әжесіне де, нағашы ата-әжесіне де, бізге де тұңғыш қыз, тұңғыш немере. Қызым дүниеге келіп, қаншама адамға қуаныш сыйлады. Бақытты бол, балапаным»,

деді Жұлдыз видеода. 

Көптен бері бірге көрінбей жүрген жұпқа оқырмандары қызыға қарап, Қайрат Нұртастың қызына ақ тілегін жарыса жолдады.


Фото: Instagram

Поделиться: