Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы

Безеулер мен әжімдерсіз әдемі терінің құпияларымен бөлісеміз.

Сән көрсетілімдері мен қызыл кілемдерде Зендая әрқашан айналасындағыларды өзінің бейнелерімен таң қалдырады. Әрине, шаштар мен киімдер керемет, бірақ сен актрисаның терісіне қарап көрдің бе? Иә, әрине, актриса өте жас, бірақ ұзақ түсірілімдерден және жиі ұшудан қатты зардап шегеді, сондықтан бет терісін әдемі ұстау әркімнің қолынан келе бермейді. Зендеяға оның косметологы Ванесса Марк көмектеседі. Зендея сияқты әдемі болу үшін оның тері күтімі бойынша кеңестерін оқы! 

Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы
Сапалы ылғалдандыру

Макияж, терлеу, күн – мұның бәрі теріні ылғалдан айырады. Сондықтан су ішу өте маңызды (қарапайым ереже, бірақ ол жұмыс істейді) және жоғары сапалы ылғалдандырғыштарды қолдану. Бұл тек кремдерге ғана қатысты емес! Егер бет жуғышың қатты құрғататынын байқасаң, онда оны ауыстырған дұрыс. Теріні бірнеше кезеңмен ылғалдандыр – тоник, сарысу, крем. Егер ерекше жақсы көрінгің келсе, маскалар туралы ұмытпа!

Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы
DARPHIN rose hydra-nourishing oil cream, 36 939 KZT
Жұмсақ тазарту

Жұмсақ тазарту ылғалдандырудан да маңызды болуы мүмкін. Егер сен үнемі қатты жууға арналған гельді қолданып, теріні құрғатып алсаң, онда ешқандай крем көмектесе алмайды, қорғаныс тосқауылы да бұзылады, сондықтан жұмсақ жуғыш заттарды таңда. Көбінесе бұл құрғақ теріге арналған көбік және теріге бейтарап рН 5.5 деңгейі бар косметика. 

Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы
CARENOLOGY95 clearly soft cleanser, 8 178 KZT
С дәрумені сарысу

С дәрумені сарысуы – ең танымал антиоксидант, ол теріні бос радикалдардың әсерінен қорғайды және қартаюдың алдын алады. Сонымен қатар, капиллярларды нығайтады, сондықтан бет жеңіл және жарқын болады, ісіну де кетеді. Ең бастысы, витамин мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуі үшін санскринді қолдануды ұмытпа!

Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы
LA ROCHE-POSAY vitamin c10 serum, 21 278 KZT
Күннен қорғайтын крем

Күнде санскринді қолдан! Күн пигментация мен әжімдерді тудырады, теріні құрғатады және онкологияға дейін әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Кейін дерматологпен қымбат және ұзақ емделуден гөрі, күн сайын санскринді қолданған дұрыс. 

Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы
CLARINS crème solaire toucher sec visage, 21 657 KZT
Ретинол

Кішкентай бөртпелерден және біркелкі емес тондардан шаршадың ба? Ретинол сарысуы бұл мәселені шешуге көмектеседі. Ол жасушалардың регенерациясы мен жаңаруын ынталандырады, теріні тегістейді, безеулермен, әжімдермен және пигментациямен күреседі. Таңертең санскринді қолдануды ұмытпа және күтімдегі басқа активтермен ретинолды араластырма. 

Зендеяның косметолагынан мінсіз терінің 5 құпиясы
DR SEBAGH anti-aging nightwear with retinol, 55 128 KZT

Фото: Instagram/ @vanessa_marc/ @zendaya/ Gold Apple

Поделиться: