Ұзаққа шыдайтын макияжға арналған 5 корей кеңесі

Корей қыздарының кеңесімен макияждың беріктігін ұзартамыз.

Әрқайсымыз ең тұрақты және берік макияжды армандаймыз, ал қазір косметикалық ортадағы жаңа технологиялардың арқасында әрбір қыз сондай әсерге қол жеткізе алады. Ол үшін біз корейлерге алғыс айтуымыз керек: бұл елдің сұлулық индустриясы бізге көптеген пайдалы және керемет сұлулық гаджеттері мен тәсілдерін сыйлады. Әрине, бізді өз стилімен және ұқыпты, әдемі бояу шеберлігімен шабыттандыратын корей қыздарына ерекше құрмет.

«Jamsu» макияж техникасы

Jamsu (батыру) – таң қалдыратын макияжды бекіту әдісі. Бұл әдіс Азияда ежелден бері бар, қазіргі блогерлер оны тек біздің заманға бейімдеді, бірақ мәні өзгеріссіз қалды: jamsu косметикалық базаны күні бойына бекітеді, сондықтан опа туралы ұмыта аласың! 

Бұл техниканың мәні келесідей:

  • Бетіңді әдеттегідей дайында: консилер, праймер, тоналды крем, опа жақ.
  • Енді опа ұнтағын ал және оны қалың қабатпен бетіңе жақ. Шектен шығудан қорықпа, жапондық гейша немесе Мари Антуанеттаның құрметті қызметшісі сияқты болуың керек, сондықтан аямай жаға берсең болады. 
  • Суық суды қолайлы контейнерге (ыдыс, тостаған) құй, бетіңді 10 секундқа малып тұр. Шаш сызығына дейін бетіңді толығымен су астында ұста.
  • Бетіңді қағаз сүлгімен құрғат және макияжды жасауды жалғасытыра бер.

«Бұл қалай жұмыс істейді?» – деп сұрауың мүмкін, суық суға батыру макияж негізінің әртүрлі қабаттарын «жабыстырады», бұл күні бойы тамаша тегіс теріні қамтамасыз етеді.

@feliciamaariemakeup #stitch with @makeupbyalissiac I wanted this to work so bad 😭 my dry skin said NAH #beautyhacks #jamsu ♬ original sound — felicia marie
Кушон – сенің досың

Осы керемет өнім үшін Кореяға рахмет! Кушон – тоналды крем, SPF және тері күтімі формуласын қамтитын косметикалық құрал. Ол жоғары беріктігі мен пайдалану ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Кушондар халықаралық деңгейде сүйіспеншілікке ие болды, сондықтан егер сен қолданып көрмесең, кеңес береміз. 

макияж техникасы
CHUPA CHUPS candy glow cushion cherry
Ерінгі арналған тинт

Ерінге арналған тинттер – бұл бүкіл әлемде мойындалған корейлік сұлулық өнімі. Қолданғаннан кейін теріге ұзақ уақыт сіңетін пигменттің ерекше беріктігімен ерекшеленеді. Тұрақты макияж үшін тинт-бұл таптырмас көмекші, ол тіпті ыстықта да жұмыс істейді. Тинттен кейінгі еріндер шырынды және өте әдемі көрінеді, сондықтан егер сенде мұндай құрал болмаса, оны міндетті түрде макияж сөмкеңізде әдеттегі ерін далабына жақсы балама ретінде ал.

Ұзаққа шыдайтын макияжға арналған 5 корей кеңесі
YADAH  be my tint
Жалғанатын кірпіктер

Жалғанатын кірпіктер отаны Корея емес, Еуропа болып саналады. Алайда, корейлер бұл өнімді өте жақсы көреді және оны макияжда жиі қолданады.

Кореяда оларды неге сонша жақсы көретіні түсінікті, өйткені  кірпіктер корей айдолдары үшін нағыз құтқарушы болып табылады. Концерттерде тушь қанша жақсы болғанымен, қауіпті болуы мүмкін, сондықтан берік макияжды жоспарлағанда, осы сұлулық бюти-хакты еске түсір-фотосессиялар мен түсірілімдерде жалған кірпіктер таптырмайтын құрал. 

Ұзаққа шыдайтын макияжға арналған 5 корей кеңесі
Спрей-фиксаторы

Нағыз құтқарушы, макияждағы соңғы штрих, ұзақ уақыт бекітуге көмектеседі! Спрей фиксаторы тоналды крем мен құрғаш текстураны бекітеді, сондықтан макияж ұзақ өмір сүреді және уақытынан бұрын ағып кетпейді.

Ұзаққа шыдайтын макияжға арналған 5 корей кеңесі
FRUDIA re:proust perfect shield make up setting fixer

Жалғыз кемшілігі – мұндай құрал майлы теріге жарамайды. 


Фото: Instagram/ @jennierubyjane/ Gold Apple KZ

Поделиться: